Перейти к содержимому
← Фотогалерея

Төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау

2026 жылғы 2 қараша

Алғыс білдіреміз! Балабақшамызға арнайы келіп, білім басқармасымен бірлесе отырып, балалар мен қызметкерлерге төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша мазмұнды оқыту жұмыстарын жүргізген Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына шынайы алғысымызды білдіреміз! Іс-шара барысында бүлдіршіндеріміз дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің киімдерін киіп, өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетіп, қауіпсіздік ережелерін қаншалықты меңгергендерін танытты. Бұл – балалардың өмір қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттырып, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрететін маңызды шара. Осындай тағылымды кездесулерді ұйымдастырып, балаларымыздың қауіпсіз болашағына үлес қосып жүрген мамандарға және білім басқармасының өкілдеріне зор ризашылығымызды білдіреміз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілейміз! Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік! 💐👏