2026 жылғы 19 қараша
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Астана қаласында өткен дарынды жас суретшілер байқауынан жүлделі орындарға ие болып, мерейімізді асқақтатып оралған тәрбиешілер Сагиндыкова Наталья Айтжанқызы мен Саниева Ұлбосын Саниевна және тәрбиеленушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз! ❤️
Жас таланттардың бойындағы өнер ұшқынын жағып, бағыт-бағдар беріп, биік белестерге жетелеген ұстаздарымызға ерекше алғыс білдіреміз! Ал жас суретшілерімізге шабыттарыңыз шалқып, қиялдарыңыз қанаттанып, өнерлеріңіз өрлей берсін демекпіз! 🌸
Алдағы уақытта да бағындырар белестеріңіз биік, алар асуларыңыз көп болсын! Әрбір жеңіс жаңа жетістіктерге жол ашсын!