2026 жылғы 18 қараша
«Жоғалған сурет» — қызықты зерттеу!
Бүгін «Желкен» тобының балалары нағыз зерттеуші болды!
Біз не істедік?
1️⃣ Суретті өз қолымызбен боядық 🎨
2️⃣ Мөлдір пакетке салдық
3️⃣ Пакеттің сыртынан маркермен суреттің контурын сыздық ✍️
4️⃣ Суға батырдық 💧
Ал суға батырғанда... сурет ЖОҚ болып кетті! 😱
Судан шығарғанда... ТА-ДАААМ! Қайта пайда болды! ✨
Балалар өз көзімен көріп, таң қалып, қуанып, сұрақ қойып, өздері жасап көрді.
Осы зерттеу арқылы балалар:
✔️ судың қасиетін білді
✔️ байқағыштыққа үйренді
✔️ «неге?» деп сұрауды үйренді
✔️ өз қолымен жасап, нәтижесін көрді
Зерттеу арқылы үйрену — ең қызықты, ең есте қалатын оқу!
Біздің кішкентай зерттеушілерімізге «Жарайсыңдар!» деңіздерші 💛👏
⛵ «Желкен» мектепалды тобы
👩🏻🏫 Тәрбиешілер: Мәлікова Жаннат Мәлікқызы
👩🏻🏫 Түгел Айдана Амандыққызы