Ата-аналармен жұмыс
Балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы туралы ақпарат: ата-аналар жиналыстары, кеңестер, бірлескен іс-шаралар және ата-аналарға арналған жадынамалар.
Қыркүйек: ашық есік күні
2026 жылғы 17 қыркүйек
2026 жылғы 17 қыркүйекте балабақшада ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Ата-аналар балабақшаның музыка залымен, STEAM кабинетімен, спорт залымен және басқа да бөлмелерімен танысып, «Ата-ананың 10 минуттық диагностикасы» сауалнамасын толтырды.