Мектеппен сабақтастық жұмысы
Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық — баланың мектепке жайлы әрі сенімді бейімделуінің негізі. Біздің балабақша «№51 гимназия» КММ-мен бірлескен жоспар бойынша жұмыс істейді: мектепке саяхаттар, ашық сабақтар, мұғалімдер мен тәрбиешілердің кездесулері, ата-аналарға кеңестер.
Құжаттар
«№34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК мен «№51 гимназия» КММ арасындағы сабақтастық жұмыс жоспары (2026-2027 оқу жылы)АшуЖүктеу
Қазан: «Мектепке барар жол» және «Мектептегі бір күн»
2026 жылғы 29 қазан
«№34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК мен «№51 гимназия» КММ арасындағы сабақтастық жұмыс жоспары бойынша қазан айында «Мектепке барар жол» ашық есік күні (мектепке экскурсия, кітапханамен таныстыру) және «Мектептегі бір күн» іс-шарасы өтті.
«Желкен» және «Достық» мектепалды топтарының тәрбиеленушілері мектепке экскурсия жасады. Қазан айында мектепке саяхатқа барлығы 4 топ барды.
Жауапты тәрбиеші: Мәлікова Жаннат Мәлікқызы.
Қыркүйек: мектепке саяхат
2026 жылғы 1 қыркүйек
Тірек балабақшалар (құзыреттілік орталықтары) мен тірек мектептердің өзара іс-қимылы бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш білім берудің сабақтастық жоспары аясында мектепалды тобының балаларын мектепке бейімдеу мақсатында №51 мектеп-гимназиясының «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына қатыстық, балалар мектеппен танысты.
Саяхат «Желкен» мектепалды тобымен өтті.
Тәрбиешілері: Мәлікова Жаннат Мәлікқызы, Түгел Айдана Амандыққызы.
Бағдарламаның жауапты маманы: Мәлікова Жаннат Мәлікқызы.