Перейти к содержимому

Педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңес — балабақшаның тәрбие-білім беру жұмысының негізгі мәселелерін талқылайтын және шешетін алқалы орган. 2026–2027 оқу жылында бес педагогикалық кеңес өткізу жоспарланған.

2026–2027 оқу жылындағы педагогикалық кеңестер

№АйыТақырыбыӨткізу түрі
1Тамыз№1 бекіту кеңесі: «2026–2027 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту»Жиналыс
2Қараша«Мектепке дейінгі және бастауыш жалпы білім берудің білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында желілік өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін пайдалану»Дөңгелек үстел
3Қаңтар«Мектепке дейінгі білім беруде STEAM технологиясының қолданылуы»Жиналыс
4Наурыз«Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін жаттықтыру, табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты арттыру»Жиналыс
5Мамыр«Оқу жылының қорытындылары»Жиналыс

№1 бекіту педагогикалық кеңесі

Тақырыбы: «2026–2027 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту».

Күн тәртібінде:

  1. 2026–2027 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыс жоспарын талқылау және бекіту (оқу жоспары мен ұйымдастырылған іс-әрекет кестесі, топтар бойынша перспективалық жылдық жоспарлар, ата-аналармен жұмыс жоспары, күн тәртібі).
  2. ҚР мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2026–2027 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру.
  3. Барлық топтардың жаңа оқу жылына санитарлық жағдайы туралы есебі.
  4. «Топтардың жаңа оқу жылына дайындығы» ағымдық тексерудің қорытындысы.
  5. Жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының қорытындысы.
  6. Тәлімгерлерді жас мамандарға бекіту.
  7. Жаңа авторлық бағдарламаларды қорғау, бекітуге ұсыну.

№1 педагогикалық кеңес№1 педагогикалық кеңес№1 педагогикалық кеңес№1 педагогикалық кеңес№1 педагогикалық кеңес№1 педагогикалық кеңес

Барлық фотосуреттер (13) — фотогалереяда →

Құжаттар

2026–2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес жоспарыPDF · 2.1 МБАшуЖүктеу